Қыпшақтар мекені - Карцагта Шырайлы Шымкенттің таныстырылымы өтті
01.07.2025 18:20:59 176
Карцаг, 2025 жылғы 28 маусым - Мажарстанды мекендеген ежелгі қыпшақтардың «астанасы» - Карцаг қаласында жылсайын өтетін дәстүрлі қой етінен қуырдақ жасау фестиваліне Шымкент қаласының «VisitShymkent» туристің бюросы құрметті қонақ ретінде қатысты.
ҚР Мажарстандағы Елшілігінің қолдауымен жалпыұлттық «BornBold» бренді аясында, сондай-ақ «Scat» әуе компаниясының жаңадан ашылған Шымкент-Будапешт-Шымкент тікелей бағытын насихаттау мақсатында өткізілген «RoadShow» оңтүстік өңірінің әлеуетін таныстыруға мүмкіндік туғызды.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы мен Қазақстанның туристерге арналған қызметтері мен мүмкіндіктері туралы ақпараттар мен кітапшалар таратылып, Шымкент мажар туристері үшін жаңа бағыт ретінде таныстырылды.
Айта кетері, Карцаг қаласы Мажарстан мен Қазақстан, әсіресе сол өңірде тығыз орналасқан қыпшақтармен терең тарихи тамыры бар бауырластық қатынастарды жалғастырудың символы болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1027806?lang=kk