Қазақстан мен Грузия парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Қазақстан мен Грузия парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

02.07.2025 17:21:44 198

Тбилиси, 2025 жылғы 2 шілде - парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету шеңберінде Грузия Парламентінде Қазақстан Елшісі Мәлік Мырзалиннің «Грузия Қазақстан» парламенттік достық тобының төрағасы Антон Оболашвилимен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан-Грузия парламентаралық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ екі ел арасындағы қатынастардың жан-жақты дамуы талқыланды.

Елші елдер арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін атап өтті.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен, инвестициялық мүмкіндіктермен, сондай-ақ халықаралық бастамалармен таныстырды.

Парламентаралық достық тобының төрағасы А.Оболашвили екіжақты байланыстардың жоғары динамикасын құптап, бірқатар нақты жобаларды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Әңгімелесушілер «Транскаспий халықаралық көлік бағытының» өсіп келе жатқан рөлі жағдайында Қазақстан мен Грузияны байланыстыратын сауда дәліздерінің тиімді жұмыс істеуіне ерекше назар аударды. Үш жыл ішінде, 2022 жылдан 2024 жылға дейін осы бағыт бойынша тасымалдау көлемі 3 есеге, 1,5 млн.тоннадан 4,5 млн. тоннаға дейін өскенін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар елдер арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға бейілділігін және жоспарланған бірлескен жобалардың келешегін тағы да растады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1028502?lang=kk