ЕКЖ дегеніміз не және ол не үшін қажет?

ЕКЖ дегеніміз не және ол не үшін қажет?

03.07.2025 10:31:45 165

ЕКЖ дегеніміз не және ол не үшін қажет?

Ақмола облысында мемлекеттік мекемелерде кадрлық есеп жүргізуге арналған заманауи цифрлық платформа — Бірыңғай кадрлық жүйені (ЕКЖ) енгізу басталды.

Қарапайым тілмен айтқанда, бұл — барлық қызметкер туралы мәліметтер бір жерде сақталатын “онлайн-кадр маманы”: жұмыс орны, еңбек өтілі, демалыс күндері, еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек шартының мерзімі және басқа да деректер.

Бұл жүйе ашықтықты қамтамасыз етіп, қағазбастылықты азайтады, қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату рәсімдерін жеңілдетеді, қателіктерді азайтады және кадрлық ахуалды жедел бақылауға мүмкіндік береді.

Жүйе кезең-кезеңімен енгізілуде: 2025 жылдың соңына дейін өңірдегі 95 ұйым қамтылады. Лицензияларды орталықтандырып сатып алу арқылы бюджеттен 3,5 миллион теңге үнемделді.

Жоба облыстың цифрландыру басқармасы тарапынан еліміздің цифрлық трансформацияға көшу саясаты аясында жүзеге асырылып отыр.
ЕКЖ — кадрлық үдерістерді ыңғайлы әрі тиімді басқаруға бағытталған маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1028878?lang=kk