Минскіде өткен форумда Еуразиялық экономикалық одақта құқықтарды қорғаудың тетіктері талқыланды
03.07.2025 11:01:19 165
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
2025 жылғы 26-27 маусымда Минск қаласында IV Еуразиялық экономикалық форум өтті. Форумның негізгі алаңдарының бірі ЕАЭО құқықтық жүйесінің жай-күйі мен даму перспективаларының өзекті мәселелеріне арналған «ЕАЭО құқығы – жай-күйі және перспективалары» сессиясы болды.
Талқылауға қатысушылар еуразиялық интеграцияның құқықтық негіздерін нығайтудағы және Одақ құқығының нормаларын тиімді қолдануды қамтамасыз етудегі Одақ Соты рөлінің негізгі аспектілерін атап өтті.
Конституциялық Соттың судьясы Айжан Жатқанбаева өз сөзінде ЕАЭО құқығының сақталуын қамтамасыз етудегі конституциялық бақылау органдарының рөлін атап өтті, сондай-ақ ұлттық және ұлттықтан жоғары құқықтық тәртіп шеңберінде құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау жүйесіне қатысты өзінің сараптамалық көзқарасымен бөлісті.
Ол сондай-ақ аудиторияның назарын Қазақстан Конституциялық Сотының 2023 жылғы 22 мамырдағы №17-НҚ шешіміне аударды. Оған сәйкес халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының Қазақстан мүдделерін ескерусіз қабылдаған шешімдері ратификацияланған халықаралық шарт сипаттарына ие болмайды және, тиісінше, Қазақстан заңдарынан басым болмайды.
Талқылауға Беларусь Республикасы мен Қырғыз Республикасы Әділет министрліктерінің, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы мен Экономикалық даму министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің жетекші заңгерлері мен сарапшылары қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1028931?lang=kk