Елшінің Орталық Азия және Моңғолия бойынша Еуропарламент делегациясының басшысымен кездесуі

Елшінің Орталық Азия және Моңғолия бойынша Еуропарламент делегациясының басшысымен кездесуі

04.07.2025 08:01:07 121

Брюссель, 2025 жылғы 3 шілде – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінде Елші Марғұлан Баймұханның Орталық Азия және Моңғолия бойынша Еуропалық Парламенттің байланыстар жөніндегі делегациясының (DCAS) төрайымы Джузеппина Принчи ханыммен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың дамуының нәтижелерін талқылады. Парламенттік ынтымақтастық комитеттері форматтары арқылы және биыл өткен бірлескен іс-шаралар, соның ішінде «ЕО–Қазақстан: білім беру және мәдениет – ынтымақтастықтың тұрақты көпірлері» атты дөңгелек үстел аясында жоғары деңгейдегі өзара іс-қимылға қол жеткізілгені атап өтілді.

Қазақ дипломаты парламентаралық дипломатияның саяси және экономикалық диалогты ғана емес, мәдени-гуманитарлық және академиялық байланыстарды нығайтудағы маңызды құрал ретіндегі рөлін атап өтті. Мұны қазақстандық және еуропалық университеттер арасындағы өзара ынтымақтастықтың кеңеюі дәлелдейді.

Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы парламентарлық бағыттағы қазіргі ынтымақтастықтың жоғары деңгейге жеткенін атап өтіп, Еуропалық Парламент депутаты DCAS атынан М.Баймұханға ресми алғыс хатын табыстады.

Өз тарапынан Дж. Принчи Орталық Азиямен өңіраралық ынтымақтастықты күшейту жөніндегі бастамаларды, оның ішінде биыл Еуропарламентте өңір елдерінің елшілерінің және ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі Эдуард Стипрайстың қатысуымен дөңгелек үстел өткізу бастамасын қолдайтынын білдірді.

Орталық Азия және Моңғолия бойынша байланыстар жөніндегі делегацияның басшысы тараптар арасында қалыптасқан сындарлы диалогты ескере отырып, Еуропалық Парламент мүшелері биыл 4 сәуірде өткен «ОА–ЕО» саммитінде жарияланған жаңа стратегиялық әріптестік форматы аясында Астанамен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1029534?lang=kk