МКК салық қызметтері бойынша мәселелерге жедел әрекет ету үшін «қызыл түйме» жүйесі енгізілді
04.07.2025 12:22:41 187
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті адамға бағдарланған тәсілді кеңейтіп, салық салу саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Аталған мақсатта барлық мемлекеттік кірістер органдарында «қызыл түйме» - QR-код орналастырылған. Оны сканерлеу арқылы салық төлеушілер нақты проблемалық жағдайды көрсете отырып, Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасына тікелей жүгіну мүмкіндігіне ие болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1029967?lang=kk