Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары және қонақтары!
04.07.2025 12:41:06 132
Сіздерді Қазақстан Республикасының Астанасы күнімен құттықтаймын!
Астана күні - жасампаздық, шабыт және жаңа жетістіктер мерекесі.
Өзінің даму жылдарында Астана бірегей сәулетімен, дамыған инфрақұрылымымен және бай мәдени өмірімен заманауи мегаполиске айналды. Бұл тарих пен болашақ кездесетін, батыл идеялар туатын және ауқымды жобалар жүзеге асырылатын орын.
Баршаңызға денсаулық, амандық, тұрақтылық және ертеңгі күнге сенімділік тілеймін. Елордамыз өсіп, дами берсін, өз тұрғындарын сұлулығымен, жайлылығымен және әркім үшін мүмкіндіктерімен қуанта берсін!
Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. Светаш
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1029800?lang=kk