Қазақстандық Арнайы операциялар күштерінің жауынгерлері Түркиядағы «Анадолу-2025» оқу-жаттығуында жоғары дайындық деңгейін көрсетті
04.07.2025 19:21:58 231
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Түркияда өткен «Анадолу-2025» халықаралық оқу-жаттығуына қатысты. Іс-шараға әлемнің түрлі елдерінен арнайы мақсаттағы бөлімшелері қатысып, Қазақстан атынан 15 әскери қызметші өнер көрсетті.
Оқу-жаттығу аясында әскери қызметшілер урбанизацияланған және таулы жерлерде ұрыс жүргізу, топ құрамында атыс жүргізу, тікұшақтан арқанмен түсу, парашютсіз десанттау, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану, жаралыларға алғашқы көмек көрсету және оларды эвакуациялау жаттығуларын пысықтады.
«Анадолу» оқу-жаттығуы екі жылда бір рет өткізіледі және 2006 жылдан бері түрлі елдердің арнайы күштері арасындағы өзара іс-қимылды арттыру мен тәжірибе алмасуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1030298?lang=kk