Молдова Республикасының Вице-премьері – Сыртқы істер министрі Михай Попшой Алматы қаласына келді
04.07.2025 19:54:35 231
2025 жылғы 3 шілдеде Молдова Республикасының Вице-премьері – Сыртқы істер министрі Михай Попшой ресми сапары аясында Алматы қаласына келді.
Сапар барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесу өтті.
Сондай-ақ, делегация Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығына барды.
Бұдан бөлек, молдова делегациясы «АйсМастер – Айс Крим» ЖШС, «Стругураш» молдова этномәдени бірлестігінің мүшелерімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесті.
Сапар Қазақстан мен Молдова арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және өңіраралық байланыстарды дамытуға ықпал ететін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1030306?lang=kk