Қазақстан мен Бразилия саяси диалогты кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Бразилия саяси диалогты кеңейтуге ниетті

06.07.2025 16:00:51 319

Рио-де-Жанейро, 2025 жылғы 5 шілде БРИКС-ке мүше және серіктес елдердің Саммиті шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Бразилия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі Мауро Виейра кездесті.

Қазақстанның сыртқы істер ведомствосының басшысы Бразилияның БРИКС-ке төрағалығы аясында іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, 2025 жылғы қарашада Белен қаласында өтетін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 30-шы конференциясын (COP30) әзірлеу мен өткізуде сәттілік тіледі

Тараптар, кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін
кең ауқымын, халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты, сондай-ақ халықаралық сахнадағы бастамалар мен кандидатураларды өзара қолдау тұстарын қоса алғанда өңірлік және жаһандық күн тәртіптегі өзекті тақырыптарды талқылады.

Тараптар саяси диалогты белсендіру, жоғары және жоғарғы деңгейдегі өзара сапарларды кеңейту, парламентаралық ықпалдастықты дамыту, сондай-ақ «Қазақстан – Бразилия» Іскерлік кеңесі шеңберіндегі қызметті қоса алғандағы сауда-экономикалық серіктестікті тереңдету маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында сыртқы істер ведомстволарының басшылары өзара шақырулармен алмасып, Қазақстан мен Бразилия арасындағы қарым-қатынастың оң қарқынына ризашылықтарын білдірді және тұрақты әрі сындарлы диалогты сақтауға ниеттестіктерін растады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1030499?lang=kk