Алматы облысындағы жаңа технологиялар

Алматы облысындағы жаңа технологиялар

08.07.2025 09:31:18 110

Алматы облысында инновациялық электрондық табельдеу жүйесі енгізілді және ол қазірдің өзінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді!

Енді балабақшаларда балалардың қатысуын QR-код пен Face ID арқылы бақылауға мүмкіндік беретін технология қолданылады. Бұл әдіс ата-аналар мен қызметкерлер үшін қолайлылық пен ашықтықты арттырып қана қоймай, облыстық бюджетті үнемдеуге де септігін тигізді.

Жұмысты оңтайландыру мен есептілікті жақсартудың нәтижесінде 29 жеке балабақша жабылды. Бұған дейін бұл мекемелерге жыл сайын 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп келген.

Жүйе іске қосылған алғашқы бірнеше айдың ішінде 1,2 миллиард теңге бюджет қаражаты үнемделді. Жылдық үнем 2 миллиард теңгеден асады деп күтілуде.

Жаңа жүйе толық цифрлық ашықтық қағидаты бойынша жұмыс істейді: баланың әр қатысуы автоматты түрде тіркеледі, деректер ата-аналарға нақты уақытта қолжетімді және қолмен түзетуге жол берілмейді. Биометриялық сәйкестендірудің арқасында деректерді қолдан жасау мүмкін емес.

— Бұл жай ғана технологиялық жаңалық емес — бұл тәртіп орнатудың құралы. Жүйе балалардың қатысуын нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді және кез келген алаяқтыққа тосқауыл қояды. Қаражатты үнемдеу — цифрландырудың тікелей нәтижесі, — деп атап өтті Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ақыл Жандос.

Оның айтуынша, бұл жоба білім беру саласындағы цифрлық трансформацияның негізіне айналып, өзге де мекемелерге кеңінен енгізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1030653?lang=kk