Қазақстанның Елшісі Ислам зерттеу институтының басшысы, профессор, доктор Мұхаммад Зия уль-Хакпен кездесті

Қазақстанның Елшісі Ислам зерттеу институтының басшысы, профессор, доктор Мұхаммад Зия уль-Хакпен кездесті

08.07.2025 11:14:07 187

Исламабад, 2025 жылғы 7 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Ислам зерттеулері институтының басшысы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының мүшесі, профессор, доктор Мұхаммад Зия уль-Хақпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында 2025 жылғы 17–18 қыркүйекте Астана қаласында өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне дайындық мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында Пәкістан Федералдық дін істері және конфессияаралық келісім министрі Сардар Мұхаммад Юсуф бастаған пәкістандық делегацияның қатысатыны расталды.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Пәкістанның академиялық қауымдастықтары мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.
Атап айтқанда, тараптар осы жылдың соңына дейін бірқатар бірлескен жобаларды іске асыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1030818?lang=kk