Ресей Федерациясына кірген кезде шетел азаматтарын «Цифрлық профильде» тіркеу
08.07.2025 19:04:33 99Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ресей Федерациясына сапарды жоспарлап отырған азаматтарды шетел азаматтарын тіркеу бойынша жүргізіліп жатқан эксперимент аясындағы жаңалықтар туралы хабардар етеді.
Ресей Федерациясы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №1510 қаулысына сәйкес, 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Ресей Федерациясының аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кіру және шығу тәртібі мен шарттарын сынақтан өткізу бойынша эксперимент басталды.
Эксперименттің мақсаты – шетелдік азамат ұсынған деректерді қамтитын «Шетелдік азаматтың цифрлық профилі» мемлекеттік ақпараттық ресурсын құру.
Эксперимент екі кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең (2024 жылғы 1 желтоқсаннан 2025 жылғы 30 маусымға дейін) келесі 6 халықаралық әуежайда іске асырылады:
- Шереметьево
- Домодедово
- Внуково
- Жуковский (Мәскеу облысы)
- сондай-ақ «Маштаково» (Самара облысы) автокөлік өткізу бекетінде
Осы кезеңде биометриялық деректер (бет-әлпеттің фотосуреті және саусақ ұштарының папиллярлық өрнектері) жиналады.
Екінші кезең 2025 жылғы 30 маусымнан 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.
Эксперимент аясында визасыз тәртіппен Ресей Федерациясына кіретін шетел азаматтары (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары, Беларусь Республикасынан басқа) «RuID» мобильді қосымшасы арқылы цифрлық профильде тіркеуден өтуге міндетті. Бұл тіркеу:
- кіруге кемінде 72 сағат бұрын
- не 4 сағат бұрын, егер шұғыл жағдай болса (жақын туысының қайтыс болуы, шұғыл ем қажеттілігі және т.б.) жүзеге асырылуы тиіс.
Маңызды:
Эксперимент келесі тұлғаларға таралмайды:
- Ресей Федерациясында аккредитацияланған дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері
- олардың отбасы мүшелері
- дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелері
- 6 жасқа дейінгі балалар
Белгіленген тәртіптің сақталмауы Ресей Федерациясына кіруден бас тартуға немесе шекарада кідірістерге алып келуі мүмкін.
Болашақта «RuID» қосымшасы арқылы Ресей аумағында медициналық сақтандыру рәсімдеуден бастап мемлекеттік мекемелерге жазылуға дейінгі цифрлық мемлекеттік қызметтерді пайдалануға болады.
Қосымша әзірленіп, пайдалануға берілгеннен кейін толық ақпарат қосымша түрде ұсынылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1031303?lang=kk