Қазақстан Елшісі Таиланд Корольдігінің Сыртқы істер вице-министрімен кездесті

Қазақстан Елшісі Таиланд Корольдігінің Сыртқы істер вице-министрімен кездесті

09.07.2025 08:02:43 341

Бангкок, 2025 жылғы 7 шілде - Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исетовтің Таиланд Сыртқы істер министрінің орынбасары Русс Джаличандрамен Елшінің Таиландтағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қоштасу кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар қазақ-тай қатынастарының оң серпінін атап өтіп, саяси диалог деңгейіне және сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы ынтымақтастықтың жандануына қанағаттанушылық білдірді.

Елші А.Исетов Корольдікте жұмыс істеген кезеңде көрсетілген қолдау мен көмегі үшін тай тарапына алғысын білдіріп, халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында қоса алғанда, екіжақты әріптестікті одан әрі нығайтуға Қазақстанның ұмтылысын растады.

Өз кезегінде Вице-министр Русс Джаличандра қазақстандық дипломатты екі ел арасындағы достық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін жоғары бағалап, оған алдағы кәсіби қызметінде табыс тіледі.

Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог рухында өтіп, қазақ-тай ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге деген ортақ мүддені растады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1031359?lang=kk