2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің атқарған жұмыстары.
11.07.2025 16:16:04 693
2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінде 2 штат бірлігі жұмыс істейді. 2025 жылғы 9 ақпаннан бастап бөлім басшысының лауазымы және 26 наурыздан бастап бас маман лауазымы бос. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап маусым айына дейін - 81 өтініш тіркелді, қаралғаны – 26; қанағаттандырылғаны – 15; қанағаттандырылмағаны – 11; қараусыз қалғаны – 45; кері қайтарып алғандары – 10;
2025 жылдың 1 жартыжылдығында 8 профилактикалық (оның ішінде "Жылыой ауданды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ, Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ және "Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не қатысты бармай профилактикалық бақылау жүргізіліп, анықтама берілді) және 46 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 27 нұсқама берілді.
Тексеру нәтижелері бойынша мүгедектерге әлеуметтік нысандарға қолжетімділік жасау бойынша ҚР заңнамасының 109 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде МБА қолжетімділігі бойынша-68, АӘК көрсету-41.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 25 әкімшілік хаттама жасалып, 5494970 теңге сомасына айыппұл өндірілді, атап айтқанда:
№ | Атауы | айыппұл сомасы |
1 | Назар аудар ЖК | 471840 |
2 | SG West ЖШС | 235920 |
3 | AB Game Zone | 235920 |
4 | «Масалиева К» ЖК | 235920 |
5 | Медициналық колледж | 98300 |
6 | Жалғас и Ко ЖШС | 235920 |
7 | Насиха ЖШС | 235920 |
8 | «Джумагадиева И» ЖК | 235920 |
9 | «Гаржауова Ж» ЖК | 235920 |
10 | «Кушенов Н» ЖК | 235920 |
11 | №4 Атырау қалалық емхана | 98300 |
12 | АтырауГазИнвест ЖШС | 235920 |
13 | Сот-медициналық сараптамасының мәйітханасы | 98300 |
14 | «Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» | 98300 |
15 | «Бекет» автовокзалы ЖШС «Лава Транс» | 235920 |
16 | «Балалар оңалту орталығы» КММ | 98300 |
17 | «Тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ | 471840 |
18 | Индер аудандық білім бөлімінің «№3 Психологиялық-педагокикалық түзеу кабинеті» ММ | 98300 |
19 | «Sulpak» дүкені, ЖШС «Каспий-Техно» | 235920 |
20 | ЖК «НарынСервис» | 235920 |
21 | ЖШС «Модерн Строй-Атырау» | 393200 |
22 | «Даулет» сауда үйі ЖК «Шиганаков» | 235920 |
23 | №9 Учаскелік полиция пункті | 29490 |
24 | «Qiwi» сауда ойын-сауық орталығы | 196600 |
25 | «Infinity Mall» сауда ойын-сауық орталығы | 275240 |
| Барлығы | 5494970 |
|
|
|
«Назар аудар» супермаркеті және «Тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ-қысқартылған айыппұл белгіленген мерзімде төленбей, жалпы тәртіпке ауыстырылды.
«Qiwi» сауда ойын-сауық орталығы және №9 Учаскелік полиция пункті бойынша бұзушылықты жою туралы нұсқаманы уақытылы орындамауына байланысты Департаментпен ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды, ал «Infinity Mall» сауда ойын-сауық орталығы бойынша Атырау әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Сотта қарау нәтижесі бойынша 275240 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салумен соттың қаулысы шығарылды. Сот белгілеген айыппұлдың төлеу мерзімі әлі бар. Басқа барлық әкімшілік айыппұл уақытылы төленді.
Тексеру нәтижелері бойынша Департаменттен берілген нұсқамалардың орындалуы қатаң бақылауда. Белгіленген мерзімде орындалу барысын бақылау мақсатында уәкілетті органдар мен жауапты тұлғаларға уақытылы сұраныстар жолданып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1033299?lang=kk