Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көліктерін, жүктерді және тауарларды өткізу ережелеріндегі өзгерістер, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалану" тақырыбында дөңгелек үстел өтті
11.07.2025 18:04:14 715
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көліктерін, жүктерді және тауарларды өткізу ережелеріндегі өзгерістер, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалану" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – электрондық кезекті пайдалана отырып, мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу тәртібін жетілдіруге бағытталған өзгерістерді талқылау.
– ҚР Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 бұйрығына өзгерістер әзірледі. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көліктерін, жүктерді және тауарларды, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидалары реттеледі, – деп атап өтті іс-шараны ашқан кезде Кеден одағы шеңберіндегі әкімшілендіру бөлімінің басшысы Николай Ермошин.
Іс-шараға жүк тасымалдаушылар, ҰҚК Шекара қызметінің және Департаменттің қызметкерлері қатысты.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1033463?lang=kk