Облыстың медициналық инфрақұрылымын дамыту
15.07.2025 09:10:37 220
Медициналық инфрақұрылым
Облыс халқының денсаулығын сақтау мақсатында өңірде 27 стационарлық медициналық мекеме жұмыс істейді. Олардың қатарына 16 аудандық, 9 қалалық және 2 ауылдық аурухана кіреді. Бұдан бөлек, қызмет көрсетіп тұрған мекемелер қатарында:
* Облыстық фтизиопульмонология орталығы,
* Психикалық денсаулық орталығы,
* Жедел медициналық жәрдем станциясы,
* АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығы,
* Қан орталығы,
* 6 емхана,
* 40 дәрігерлік амбулатория,
* 73 фельдшерлік-акушерлік пункт,
* 286 медициналық пункт,
* 1 бастапқы акушерлік-гинекологиялық көмек бөлімі,
* 1 арнайы медициналық жабдықтау базасы,
* 2 медициналық колледж,
* 2 сәбилер үйі,
* 1 оңалту орталығы бар.
Жаңа нысандар мен жаңғырту
2023–2024 жылдары «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 25 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынды. Оның ішінде:
* 5 дәрігерлік амбулатория,
* 19 фельдшерлік-акушерлік пункт,
* 1 медициналық пункт бар.
Атап айтқанда, Қостанай ауданының Московское ауылында ашылған амбулатория УДЗ кабинетімен, оңалту бөлмесімен және заманауи диагностикалық құрылғылармен (СМАД, Холтер, ЭКГ және т.б.) жабдықталған. Бұл ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызметтерді өз елді мекенінде алуға мүмкіндік беріп отыр.
2024 жылы жекеменшік инвестиция есебінен «ECO CITY KZ» ЖШС Тобыл қаласында бір ауысымда 250 адамға қызмет көрсетуге қабілетті, заманауи медициналық тәсілдермен жабдықталған емхана салып берді.
2025 жылы Қостанай қаласында жекеменшік қаражат есебінен салынып жатқан №6 емхана пайдалануға беріледі.
Денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеу
2022–2025 жылдары аралығында облыстағы 20 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтті. Жұмыстардың жалпы құны — 5,7 млрд теңге.
* «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бейімбет Майлин ауданы, Елизаветинка ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт 52,6 млн теңгеге жөнделді.
* Сонымен қатар 12 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізу үшін 18,8 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.
2023 жылы жөндеу жұмыстары мына нысандарда жүргізілді:
* Арқалық қаласындағы психикалық денсаулық орталығының бөлімшесі — 426,5 млн тг
* Федоров аудандық ауруханасы — 328,7 млн тг
* Амангелді ауданы, Қарасу ауылындағы ФАП — 38,5 млн тг
* Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының үш қабатты ғимараты — 520,5 млн тг
2024 жылы, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында:
* Меңдіқара ауданы, Қызыл Пресня ауылындағы ФАП — 36,7 млн тг
* Меңдіқара ауданы, Степановка ауылындағы ФАП — 35,7 млн тг
* Қарабалық ауданы, Новотроицк кентіндегі ФАП — 40,9 млн тг
2025 жылы:
* Облыстық фтизиопульмонология орталығының терапевтік корпусының 3–5 қабаттары — 294,7 млн тг
* Жітіқара ауданы, Забеловка ауылындағы ФАП — 93,4 млн тг
Сонымен қатар:
* 2024 жылдан бері Қостанай облыстық ауруханасының №1 перзентханасы — 1 033,5 млн тг
* Сарыкөл аудандық ауруханасы — 1 705,2 млн тг сомасына күрделі жөндеуден өтуде.
2022 жылы Аманқарағай орман өртінен зардап шеккен Аулиекөл ауданында:
* Аулиекөл ауылында инсульт орталығы ашылды. Жобаға Булат Өтемұратов Қоры 1,1 млрд тг инвестиция құйды.
* Аманқарағай ауылында «NAK Development» ЖШС демеушілігімен ФАП салынды — 125 млн тг.
* Узункөл ауданы, Новопокровка ауылында да демеушілер есебінен ФАП бой көтерді — 40 млн тг.
Бұл медициналық нысандар Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының балансына берілді.
Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап Арқалық аймақтық ауруханасының перзентханасын күрделі жөндеудің 3 жылдық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны — 1,2 млрд тг:
* 2023 ж. — 442,8 млн тг
* 2024 ж. — 279,8 млн тг
* 2025 ж. — 469,0 млн тг
Денсаулық сақтау нысандарын ағымдағы жөндеу
2022–2024 жылдары 2,1 млрд теңгеге 87 нысан ағымдағы жөндеуден өтті.
2025 жылы 883,2 млн теңге сомасына 21 медициналық нысанды жөндеу жоспарланып отыр.
Жүйелі жұмыс пен кешенді тәсілдің арқасында облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек қолжетімді әрі сапалы бола түсуде. Қала мен шалғайдағы ауыл тұрғындарына бірдей жағдай жасалып, өңірдің денсаулық сақтау жүйесі заман талабына сай жаңартылып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1034405?lang=kk