Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарына қалай түсуге болады: 15 шілдеден іріктеу басталады
15.07.2025 10:44:13 363Талапкерлерге Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты, Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты есігін айқара ашады.
Құжаттарды қабылдау 15–31 шілде аралығында, ал қабылдау емтихандары 1–20 тамыз аралығында өткізіледі. Оларға кәсіби-психологиялық іріктеу, соңғы медициналық тексеру, дене шынықтыру скринингі және мандат комиссиясы кіреді. Биылдан бастап «Электрондық үкімет» (e-Gov) порталындағы жеке кабинет арқылы құжаттарды тапсыруға болады. Бұл процесті неғұрлым қолжетімді және ыңғайлы етеді.
Болашақ офицерлерді даярлаудың оқу бағдарламалары командалық және техникалық бағыттардан инженерлік бағыттарға дейінгі негізгі әскери мамандықтарды қамтиды.
Әскери оқу орындарының курсанттары төрт жыл мерзімге мемлекеттік білім беру бағдарламалары бойынша оқып, тегін тұрғылықты жермен, ақшалай үлеспен, тамақпен, заттай мүлікпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.
Әскери жоғары оқу орнына түсу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына жүгінуі, арнайы тексеруден өтуі, сондай-ақ ҰБТ нәтижелерін ұсынуы қажет.
Бірінші курсқа қабылданған курсанттар арасында жақын және алыс шетелдердің әскери жоғары оқу орындарында оқуға іріктеу жүргізіледі. Шетелде оқығысы келетіндер оқу тілін білу тестінен және ҰБТ нәтижелерінің рейтингісінен өтеді.
Әскери оқу орындарында оқуға, дене шынықтыруға және кәсіби тұрғыда өсуге барлық жағдай жасалған. Оқуды аяқтаған түлектерге «лейтенант» әскери атағы беріледі, «бакалавр» академиялық дәрежесі бар мемлекеттік білім ордасында оқу – сұранысқа ие мамандықты алу ғана емес, сонымен қатар жұмысқа орналасу кепілдігі, тұрғын үймен қамтамасыз ету және алғашқы жылдардан бастап тұрақты қызмет ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1034482?lang=kk