Ақтөбе облысының прокуратурасы 2025 жылдың 6 айын қорытындылады

Ақтөбе облысының прокуратурасы 2025 жылдың 6 айын қорытындылады

15.07.2025 16:30:54 242

Облыс прокуроры Марат Әбішевтің төрағалығымен облыс прокуратурасының алқа отырысы өтіп, онда ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы жұмыс нәтижелері қаралды.

Жиынды ашқан облыс прокуроры Қазақстан Республикасының Президенті мен Бас Прокурорының тапсырмаларын тиімді әрі жедел орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Қалалық және аудандық прокурорлардың, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшыларының есептері тыңдалып, қадағалау, құқық қорғау және үйлестіру жұмыстарының негізгі нәтижелері талқыланды.

Азаматтардың құқықтарын қорғау, қылмыспен күрес және әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелеріне, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алудың негізгі іргетасы ретінде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Есепті кезеңде қабылданған шаралардың нәтижесінде аса ауыр қылмыстарды – 52%-ға, орташа ауырлықтағы қылмыстарды – 8%-ға, онша ауыр емес қылмыстарды – 4%-ға төмендетуге қол жеткіздік.

Прокуратураның үйлестіруімен 2 жасырын есірткі зертханасы әшкереленіп, 76 келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың назары халықтың осал топтарының, балалардың құқықтарын қорғау, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалу заңдылығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бизнесті қорғау және инвесторларды қолдау, мемлекеттік сатып алулар, салық, жер қатынастары және басқа да мәселелер болды.

Жыл басынан бері 600-ге жуық заң бұзушылықтар анықталып, 6 мыңнан астам азаматтың құқықтары қалпына келтірілді, 516 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

3 млрд теңге бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол берілмеді, 620 млн теңге өндірілсе, оның 538 млн теңгесі мемлекет кірісіне.

Құрылыстар салу және тұрғын үйді жекешелендіру салаларындағы жымқыруларды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстар бойынша 21 сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұдан бөлек, прокурорлармен үлескерлерді алдаған 6 тұлғаның сотталуына қол жеткізді.

Сотпен үлескерлердің мүддесіне қатысты 4 азаматтық талап-арыз қанағаттандырылып, мәмілелердің жарамсыз деп танылуы және жер учаскелерінің тұрғын үй кооперативтеріне берілуі қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарын аяқтау бойынша әкімдікпен жұмыстар жүргізілуде.

Прокурорлық қадағалау актілерімен әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын 30 мыңнан астам адамның көмектер алуына қол жеткізіп, сондай-ақ прокуратура бастамасымен жетім балаларға 45 пәтерлер берілді.

Ағымдағы жылы 27 инвестордың құқықтары қорғалып, 17 кәсіпорын үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді.

Прокуратура 110 инвестициялық жобаларды (аймақтық және ұлттық деңгейдегі) сүйемелдеуде. Кәсіпкерлер пайдасына 11 кейстер шешімін тапты.

Алқа қорытындысы бойынша облыс прокурорымен алаяқтық, есірткі және балалар қылмыстарының алдын алуды күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын басшылыққа ала отырып, азаматтардың өтініштерін сапалы қарау, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және әрбір елді мекенде халыққа көмек көрсету тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1034839?lang=kk