2025 жылдың 30 маусымында Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
15.07.2025 17:54:26 286
2025 жылдың 30 маусымында Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Меңдіқара ауданы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен заңдылығын қамтамасыз ету мәселесі бойынша Қостанай облысының Полиция департаменті Меңдіқара ауданының полиция бөлімінің, сондай - ақ «Меңдіқара ауданында медициналық қызметтерді көрсету сапасы мен қол жетімділігі туралы» аудандық аурухананың бас дәрігерінің есептері тыңдалған болатын.
Қоғамдық кеңестің мүшелері белгілеп айтқандай, бұл алдын алулық іс - шараларының арқасында аймақта қылмыс өткен жылда қылмыстық құқық бұзушылықтардың барлық санаттары бойынша төмендеген. Құқық бұзушылықтарды алдын алу мен ескерту мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім», «Учаскі», «Есептегі», «Тұрмыс», «Браконьер», «Түнгі қаладағы балалар» және басқалар жедел - алдын алулық іс - шаралар өткізілуде.
Жалпы қылмыс құрылымында басым көпшілігінің үлкен алаңдаушылығын тудыратын алаяқтық пен бөтен мүлікті ұрлау құрайды. Алаяқты алдын алу бойынша өткізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, біздің ауданымыздың тұрғындары әлде де алаяқтық схемаларға түсуде. Сол бұрынғыдай малдың ұрлануы болуда, оның бірден бір себебі - жануарларды қараусыз қалдыру.
Өткен жыл бойынша аудан аумағында адамдардың қайтыс болуына әкелген 14 жол - көлік оқиғасы тіркелген. Алкогольді масаңдық жағдайында көлік құралдарын басқаратын жүргізушілерге шараларды қатайтуына қарамастан осындай фактілердің болуы бар.
Жалпы алғанда Қоғамдық кеңестің мүшелері полиция бөлімінің жұмысын оң жағынан бағалады.
Аудандық аурухананың бас дәрігері А.М. Бүркітбаева - аудандық аурухананың істерінің жағдайы, басымдықтары мен мәселелері туралы жалпы ақпарат ұсынды.
Аудан тұрғындарына медициналық көмекті 100 медициналық қызметкер, оның ішінде 24 дәрігер мен 76 орта медициналық қызметкерлер көрсетеді. 2025 жылдың 1 қаңтарына медициналық қызметкерлердің қажеттілігі 4 дәрігерді құрады. Осы жылы ауруханаға терапевт, хирург пен функционалдық диагностика дәрігері келуі керек. Ауданның емдеу мекемелерінде бірыңғай медициналық ақпараттық жүйе енгізілген. Осында қашықтықтан кеңес алуға, дәрігердің қабылдауына жазылуға, үйге дәрігерді шақыруға, медициналық ұйымдарды, мамандарды, дәрі - дәрмектер және тағы басқаны іздеуге болады.
Ағымдағы жылда ауыр сырқаттан кейін емделушілерді оңалту үшін екі кереуетті ашу жоспарлануда, оларға оңалту мен күтім қажет болады.
Қоғамдық кеңестің мүшелері медициналық мекемелердің жұмысы бойынша, ММСҚ жұмысы, дәрі - дәрмектермен қамтамасыз ету, дәрігерлердің және емделушілердің өзара қарым - қатынасы бойынша бірқатар ескертулер айтты.
Қарастырылған мәселелер бойынша ұсыныстар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1034877?lang=kk