Қазақстан СІМ-де Үндістанның жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

Қазақстан СІМ-де Үндістанның жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

18.07.2025 11:00:50 484

Астана, 2025 жылғы 17 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев жаңадан тағайындалған Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Сайлас Тангалдың сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың ағымдағы жағдайы мен әлеуетін талқылады.

Сонымен қатар алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлар кестесі, сондай-ақ Астана мен Нью-Дели арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігерді үйлестіру мәселелері қарастырылды.

Дипломаттар көпжақты форматта, бірінші кезекте БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ, «Орталық Азия – Үндістан» диалогы және басқа да халықаралық алаңдар шеңберінде тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Үндістан елшісі жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1036659?lang=kk