Қостанай облысында Металлург күніне орай Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды

Қостанай облысында Металлург күніне орай Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды

18.07.2025 12:42:44 13384

Кәсіби мереке – Металлург күні қарсаңында Қостанай облысы әкімдігінде саланың үздік өкілдеріне Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталған салтанатты рәсім өтті.

Іс-шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов және өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары қатысты.

— Тау-кен металлургия өнеркәсібі – облыс экономикасының негізгі салаларының бірі. Бұл салада 15 мыңнан астам адам еңбек етеді. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында өндірілген өнім көлемі 700 млрд теңгеге жуықтады. 2025 жыл – Жұмысшы кәсіптер жылы деп жарияланды. Сондықтан дәл осы күні еңбек адамдарын Мемлекет басшысының атынан марапаттау – үлкен мағынаға ие, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

🔹 Мемлекеттік наградалармен марапатталғандар:

Валерий Анкудинов — «ССГПО» АҚ инженері

Ануарбек Табылбаев — «ССГПО» АҚ шахталық электровоз машинисті

Булат Мукатов — «Қазақстан Алюминийі» АҚ ҚБРУ филиалының тепловоз машинисті

Қуанышбек Кұлназаров — «Варваринское» АҚ ұсақтаушысы

🔹 Индустрия және құрылыс министрлігінің Құрмет грамоталары:

Ердин Байгенжин — «Варваринское» АҚ

Валерий Каштанов — «Комаровское» ЖШС

🔹 Облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталғандар:

Василий Андриянов — «Оркен» ЖШС, рудник ЛФ цехының бастығы

Наталья Бородникова — «Caspian Steel QZ» ЖШС, зертхана лаборанты

Анатолий Беляков — «Оркен» ЖШС, байыту фабрикасының сепараторшысы

Николай Емшанов — «Caspian Steel QZ» ЖШС, металл қыздырушы

Марат Ибрашев — «Оркен» ЖШС, ұсақтау учаскесінің бастығы

Алмагүл Исмұхамедова — «Качары рудасы» АҚ, химиялық су тазарту аппаратшысы

Никита Каутц — «Caspian Steel QZ» ЖШС, КИПиА слесарі

Денис Ковалев — «Качары рудасы» АҚ, электр дәнекерлеуші

Нұртай Медетқалиев — «Caspian Steel QZ» ЖШС, электрмонтер

Руслан Нұрманов — ҚБРУ, өндірістік цех бастығы

Александр Ринг — «Оркен» ЖШС, электрослесарь

Дамир Тәутенов — «Caspian Steel QZ» ЖШС, шикізат тасымалдау бригадирі

Елжан Тоққужин — «Качары рудасы» АҚ, негізгі өндіріс учаскесінің бригадирі

Наградталғандардың атынан сөз сөйлеген Валерий Анкудинов (ССГПО) көрсетілген құрмет үшін алғыс білдіріп, бұл марапат – бүкіл еңбек ұжымдарының еңбегіне берілген әділ баға екенін атап өтті.

— Алдағы жылдары өңірде екі ірі жоба іске асырылады. Біріншісі – «ССГПО» базасында жылына 2 млн тонна өнім шығаратын ыстық брикеттелген темір (ГБЖ) зауыты. Инвестиция көлемі – 532 млрд теңге. 1 000 жұмыс орны ашылады. Екіншісі – «Caspian Steel QZ» базасында болат өндіретін зауыт. Қуаты – 1 млн тонна. Инвестиция – 308,4 млрд теңге. 600 адам жұмыспен қамтылады. Екі зауыт іске қосылған соң жыл сайынғы салық түсімі 60 млрд теңгеден асады. Бұл – Қостанай облысының қара металлургиядағы жетекші рөлін нығайтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1036779?lang=kk