Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің дінаралық диалогты дамытудағы рөлі талқыланды
18.07.2025 17:55:51 275
Абу Даби, 2025 жылғы 18 шілде – ҚР БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек Ислам және уақыптар істері жөніндегі Бас басқарма төрағасы Омар Хабтур әл-Дареймен кездесті.
Қазақстан Елшісі екі мемлекет арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың оң динамикасына назар аударып, Ислам және уақыптар істері жөніндегі Бас басқарма еліміздің дінаралық диалог орнату бастамаларына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде Омар әл-Дарей жаһандану және діндер мен мәдениеттердің араласуы дәуірінде бейбітшілікті сақтау және халықтар арасында ынтымақтастықты нығайту маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл бейбіт қатар өмір сүру ұстанымына сай келеді.
Тараптар толеранттылық және өзгеге құрметпен қарау сияқты құндылықтарды ілгерілету мәселелеріне мән берді.
Кездесу соңында Ислам және уақыптар істері жөніндегі Бас басқарма төрағасы Қазақстанның дінаралық диалогты дамытуға бағытталған барлық іс-шараларына қолдау көрсететінін атап өтіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІІІ Съезіне қатысатынын растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1037140?lang=kk