«Кеден» АЖ-да Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат беру бөлігінде пайдаланудың артықшылықтары

«Кеден» АЖ-да Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат беру бөлігінде пайдаланудың артықшылықтары

18.07.2025 18:12:02 341

        «Кеден» ақпараттық жүйесін кезең – кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына көліктің барлық түрлерімен әкелу болжанатын тауарларды алдын ала хабардар етуді ұсыну функционалы (бұдан әрі-алдын ала ақпарат) табысты жұмыс істейді.

       Кеден органдары алдын ала ақпаратты кедендік операциялар жасауды жеделдету және кедендік бақылау жүргізуді оңтайландыру үшін пайдаланады.

      Өз кезегінде, алдын ала ақпарат беру тауарлар мен көлік құралдарының өткізі пунктеріне келуін электрондық тіркеу арқылы кедендік операцияларды және аралас қызметтердің (ветеринариялық, фитосанитариялық, карантиндік және т.б.) интеграцияланған бақылауынан өту мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар барлық бақылауды электрондық форматта өтеді.

       Аралас қызметтердің интеграцияланған бақылауынан өту (ветеринариялық, фитосанитариялық, карантиндік және т.б.) кезінде «Кеден» АЖ автоматты режимде ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары деңгейінде қандай да бір бақылаудан өту қажеттігін айқындайды.

      Алдын ала ақпарат электрондық транзиттік декларацияға айналдыруға мүмкіндік береді, осылайша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар транзиттік декларацияның өзін толтыруға уақытты үнемдейді.

      Алдын ала ақпараттандыру модулін енгізу есебінен транзиттік декларацияларды ресімдеу, тіркеу және шығару уақыты 30 минуттан
10 минутқа дейін қысқарды
.

      «Кеден» АЖ енгізілген сәттен бастап 2025 жылғы 16 қараша мен 2025 жылғы 30 маусым аралығында 1 312 мыңнан астам алдын ала ақпарат тіркелді оның ішінде транзиттік декларацияға түрлендірілді 660 мың, 280 мың транзиттік декларацияны қолмен толтырылды.

      Кедендік операциялардан өтуді жеделдету мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың алдын ала ақпарат беруге шақырамыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1037187?lang=kk