50-ден аса спортшы Арнайы операциялар күштері қолбасшысының кубогын алу үшін сынға түсті

50-ден аса спортшы Арнайы операциялар күштері қолбасшысының кубогын алу үшін сынға түсті

19.07.2025 12:01:07 220

Жарысқа Арнайы операциялар күштерінің, Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларының парашюттік және авиациялық спорт түрлері федерациялары атынан 18 командадан тұратын 50-ден аса парашютші қатысты.

Жарыс 22750 әскери бөлімінің базасында "Жоламан-солтүстік" әуеайлағында өтті. Олар арнайы мақсаттағы парашют жүйелерімен екі жаттығуды "қанат:" "жеке дәл қону" және "командалық дәл қону" орындауды қамтыды.

Арнайы операциялар күштері қолбасшысының орынбасары подполковник Саят Исанов парашютшілер жарысының аяқталуымен құттықтады. 

– Бұл чемпионат өз ісінің мамандарын, рухы мықты, бітімі шымыр адамдарды біріктіретін нағыз жарқын оқиға болды. Арнайы операциялар күштері қолбасшылығының атынан барлық қатысушыларға қарқынды дайындық деңгейі, жауынгерлік көңіл-күй және әділ спорттық күрес үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сендердің әрқайсың тек шеберлік пен кәсібилікті көрсетіп қана қоймай, кез-келген қиындыққа дайын, тәртіпті команданың бір бөлігі қандай болу керектігін көрсеттіңдер, – деді ол.

Жарыс қорытындысы бойынша Арнайы операциялар күштері қолбасшысының ауыспалы кубогымен, Семей қ. 74884 әскери бөлімінің құрамасы марапатталып, үздік команда болып танылды.

"ҚР Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштері командалары арасында сынақ" тобында командалық жаттығуда 74884 әскери бөлімінің парашютшілері чемпион атанды, екінші орында – 22750 әскери бөлімінің 2-ші құрамасы, үшінші орында – сол әскери бөлімнің 1-ші командасы.

"Жеке дәл қону" жаттығуында 22750 әскери бөлімінің майоры Асқар Тәкіров жеңді, екінші орынды 74884 әскери бөлімінің лейтенанты Аслан Тасимов, үшінші орынды оның әріптесі сержант Жайдар Сембаев иеленді. 

АОК құрамына кірмейтін құрамалар арасында бірінші орынды Қарағанды облысы Қазақстан авиациялық спорт федерациясының өкілдері, екінші орынды Астана қаласы парашюттік спорт федерациясының "Астана-1" құрамасы, үшінші орынды ҚР Қарулы күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлері "ДШВ-5" командасының спортшылары иеленді.

Жеке біріншілікте Алмас Рахымжанов (Қарағанды облысының Қазақстан авиациялық спорт федерациясы, екіншісі – Геннадий Васильев, үшіншісі – Михаил Латышев (екеуі де Астана қаласының Парашюттік спорт федерациясынан) үздік нәтиже көрсетті.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1037293?lang=kk