Қазақстан Елшісі ҚР Президентінің құттықтауын табыстап, сенім грамоталарының көшірмелерін ұсынды
19.07.2025 13:40:53 242Брюссель, 2025 жылғы 18 шілде – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко Бельгия Сыртқы істер министрлігінің Протокол қызметінің басшысы Пьер Картювельске сенім грамоталарының көшірмелерін ұсынды.
21 шілдеде аталып өтетін Бельгия Корольдігінің Ұлттық күні қарсаңында Елші Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Королі Филиппке арналған құттықтау хатын табыстады. Мемлекет басшысы өз жолдауында Бельгия халқына амандық пен өркендеу тіледі.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, саяси диалогты одан әрі дамытуға және сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ортақ ниет білдірді.
Протокол қызметінің басшысы қазақстандық дипломатты қызметінің ресми басталуымен құттықтап, табыс тіледі.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Бельгия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында тығыз байланыста болуға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1037300?lang=kk