2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы!
21.07.2025 12:43:13 12243.png)
2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл жылдың басты мақсаты — жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру, осы салада еңбек ететін азаматтардың беделін көтеру және жас ұрпақты білікті маман болуға ынталандыру.
Қазіргі қоғамда жұмысшы мамандықтары айрықша маңызға ие. Жоғары технологиялық заманда, инфрақұрылымдық дамуда, құрылыс және өндіріс салаларында жұмысшы мамандықтарының ролі ешқашан азайған емес. Жұмысшы мамандықтары — елдің экономикасын алға сүйрейтін, қоғамның тұрақты дамуына үлес қосатын тірек болып табылады.
#ЖұмысшыМамандықтарЖылы
#ГодРабочихПрофессий