Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы Ш.Б. Садыкова Курчатов қаласына жұмыс сапарымен келді.
22.07.2025 15:11:24 18753
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы Ш.Б. Садыкова Курчатов қаласына жұмыс сапарымен келді.
Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Жұмағұлов және Курчатов қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Ә. Амантаевтың төрағалығымен халық арасында туберкулездің алдын алу мәселелеріне арналған жиын өтті.
Шолпан Балтабекқызы өз сөзінде скринингтік тексерулерден, оның ішінде флюорографиядан жүйелі түрде өтудің маңыздылығына тоқталды. Ол тексерулер жоспарлы, тегін және барлығына қолжетімді екенін атап өтті. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, көптеген қала тұрғындары денсаулығына қауіп төндіріп бұл процедурадан бас тартады. Ал, Курчатов қаласында туберкулез аурулары тіркелуде.
«Мемлекет әр адамның дені сау болуы үшін барлық жағдайды жасап отыр. Өйткені, біз денсаулығымыз әрқайсымызға байланысты қоғамда өмір сүріп жүрміз» - деп атап өтті.
Жиынға қатысушылар қала тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу жолдарын талқылап, профилактикалық жұмыстарды күшейту шараларын әзірледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1038378?lang=kk