23 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына қол қойды, ол онша ауыр емес, орташа қылмыстары үшін жазадан босатуды және ауыр, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың негізгі жазасының мерзімін қысқартуды көздейді.

25.07.2025 15:31:47 15501

Бүгінгі күні №27 мекемесінде 95 сотталған, соның ішінде әлеуметтік осал санаттағы яғни, зейнеткерлер мен мүгедектігі бар сотталушылар рақымшылық Заңын қолдануға жатады. 

Бүгін 23 шілдеде Орал қалалық соты ауырлығы онша ауыр емес және орташа қылмыс жасаған 2 сотталғанға қатысты босатылуға тиіс сот шешімін шығарды.  Бұл сотталғандар ҚР Президентінің рақымшылық жасау туралы заңын жүзеге асыру аясында бірінші болып № 27 мекемесінен босатылып жатырған тұлғалар.  Алдағы уақытта рақымшылыққа жататын басқа тұлғаларға қатысты сот шешімдері негізінде босату жалғасады.

Жалпы, рақымшылық жазаны жеңілдетуге және одан босатуға бағытталған және әрбір сотталғанға түзелуге мүмкін береді. Бостандыққа шыққандарға жаңа өмірге бейімделуге көмек көрсетіледі.   

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1040458?lang=kk