Ақмола облысының театрлары – руханияттың жарқын шырақтары!
25.07.2025 17:41:17 704
2025 жылдың І жартыжылдығында Ақмола облысының театр өнері шынайы шабыт пен шығармашылық серпіліске толы кезеңді бастан өткерді.
Театрларымыз көрерменді қайталанбас өнермен қуантуды жалғастырып келеді.
Көрсеткіштер :
- Жалпы 384 көркем қойылым сахналанды;
- Оның ішінде 12 жаңа премьера көрермен назарына ұсынылды;
- Театрларымызды тамашалаған көрермен саны – 30 000-ға жуық театр жанашырларын қамтыды.
Фестивальдерге қатысу:
Театр ұжымдары республикалық және халықаралық деңгейдегі беделді фестивальдерге қатысып, өнер көгін бағындырды. Атап айтсақ:
- VІI Халықаралық «Ортеке» қуыршақ театрлары фестивалі,
- 26-шы Халықаралық «Молодежь.Театр.Фест.» фестивалі,
- IV «Құралай» республикалық қуыршақ театрлар фестивалі – бұл шаралар біздің театрларымыздың биік өнерге қосқан үлесін паш етті.
Гастрольдік сапарлар – рухани керуен:
Ақмола облысының театрлары өңір мен ел ішін аралап, өнердің шұғыласын шалғай ауылдарға жеткізді. Гастрольдік қойылымдар келесі аудандар мен елді мекендерде өтті:
- Қарағанды облысы: Нұра, Осакаров аудандары мен Қарағанды қаласы;
- Ақмола облысы: Зеренді ауданының Зеренді және Шағалалы ауылдары, Біржан сал ауданы (Степняк қаласы),
Бурабай ауданы (Щучинск қаласы).
Жүректен жүрекке – қайырымдылық шаралары:
Театрлар 10 қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, өнердің шипалы әсерін ерекше мұқтаж жандарға сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1040688?lang=kk