Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу

30.07.2025 18:10:43 968

Кәсіпкерлік кодекстің 35-бабының 2-тармағына сәйкес дара кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге мынадай шарттардың біріне жауап беретін жеке тұлғалар жатады: 1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланады; 2) жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде жылдық табысы бар ( 2025 жылы 1020000 теңге).

     ЖК ретінде онлайн тіркелу үшін "электрондық үкімет" порталы (Egov) немесе "E-Salyq business"мобильді қосымшасы арқылы кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама беру қажет. 

    Сондай-ақ, "электрондық лицензиялау" порталын (E-license) немесе Kaspi, BCC, Halyk, JusanBank, BankRBK, FreedomBank банктерінің мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

    Тіркеу үшін ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қажет. 

   Маңызды! Тіркеу кезінде болашақ ЖК – нің деректемелері мен параметрлерін, атауын, қызмет түрін (ЭҚЖЖ) және салық салу режимдерінің бірін көрсету қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1043102?lang=kk