Семей қаласында елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес өтті

Семей қаласында елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес өтті

30.07.2025 18:41:38 924

29 шілде күні Семей қаласында елді мекендерді кешенді түрде абаттандыру және көгалдандыру мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес өтті. Іс-шараны ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов пен Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Сәдір Ербол жүргізді.

Семинарға орталық және жергілікті атқарушы органдардың, қала және аудан әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ урбанистика, сәулет және экология саласындағы сарапшылармен қатар, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков пен Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаментінің директоры Руслан Лепесов қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – жайлы қалалық ортаны қалыптастырудың тиімді стратегияларын талқылау, көгалдандыру деңгейін арттыру және азаматтардың өмір сапасын жақсарту болды. Қатысушылар абаттандыру саласындағы үздік тәжірибелер мен іске асырылып жатқан бастамалармен бөлісіп, қалалық инфрақұрылымды дамытуда заманауи тәсілдерді енгізудің сын-тегеуріндері мен перспективаларын қарастырды.

Кеңесте ерекше назар көгалдандыру мен абаттандыру бойынша кешенді құжаттар – ландшафтық мастер-жоспарларды енгізуге аударылды. Аталған жоспарлар бүгінде елордада табысты жүзеге асырылып жатыр. Бұл тәжірибені өңірде де кеңінен қолдану ұсынылды.

Семинар аясында қатысушылар Семей қаласында жүзеге асырылған бірқатар абаттандыру нысандарын аралап, жобалармен және олардың әлеуметтік әсерімен танысты.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жайлы, экологиялық әрі заманауи қалалық ортаны дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіруді жалғастырады. Министрлік ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтып, урбанистика саласындағы озық шешімдерді енгізуді жалғастыруға ниетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-agz/press/news/details/1043151?lang=kk