Өңіраралық байланыстарды нығайту: Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономикалық әріптестікті дамытудың жаңа қадамдары
01.08.2025 10:41:20 616
Исламабад, 2025 жылғы 30 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Гуджрат қаласының іскерлік қоғамдастығының көшбасшысы Хаджи Файяз Алам мырза бастаған кәсіпкерлер делегациясымен кездесу өткізді. Делегация құрамына аяқ киім, тамақ, жиһаз өнеркәсібі және тұрмыстық химия саласының өкілдері кірді.
Кездесу барысында Гуджрат қаласы өндірушілері мен Қазақстанның іскер топтары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың перспективалық бағыттары талқыланды, сондай-ақ экономиканың басым секторларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қаралды.
Нәтижелі келіссөздердің қорытындысы бойынша жақын арада Гуджрат қаласының бизнес-делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1044174?lang=kk