Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақыновтың Моңғолияның Білім министрі Наранбаяр Пүрэвсүрэнмен келіссөздері туралы

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақыновтың Моңғолияның Білім министрі Наранбаяр Пүрэвсүрэнмен келіссөздері туралы

02.08.2025 08:00:59 583

Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 1 тамыз – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақыновтың Моңғолияның Білім министрі Наранбаяр Пүрэвсүрэнмен кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында А.Сейтақынов Қазақстанда білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалар, ел аумағында жұмыс істеп жатқан жетекші шетелдік жоғары оқу орындары, сондай-ақ шетелдік студенттерге гранттар беру шаралары туралы ақпарат берді. Әңгіме барысында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларына ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде, Н.Пүрэвсүрэн Қазақстан Үкіметіне моңғол азаматтарына жыл сайын білім беру гранттарын ұсынғаны үшін алғысын білдіріп, бұл бастама адами капиталды дамытуға және екіжақты қатынастарды нығайтуға елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, тараптар бұл бағыттағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге мүдделі екендіктерін растады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар белсенді диалогты жалғастырып, серіктестікті тереңдетуге, сондай-ақ білім беру саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шаралар, форумдар, көрмелер, семинарлар мен басқа да бастамаларды өткізуге уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1044732?lang=kk