Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
05.08.2025 14:09:47 10275
Ағымдағы жылдың 30 маусымында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгізілді, оған сәйкес қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салынады.
Бұл қоғамдық орындарда никаб, түрлі бетперде, балапан және басқа да бетті жауып тұратын аксессуарларды киюге тыйым салу дегенді білдіреді.
Бұл шектеу медициналық маскаларға қолданылмайды.
Қабылданған шешім қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, азаматтардың құқықтарын шектемейді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында заң талаптарын орындап, заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз.
Шымкент қаласының Дін істері басқармасы