Шымкентте газдың шығуын анықтайтын инновациялық жылжымалы зертхана таныстырылды

Шымкентте газдың шығуын анықтайтын инновациялық жылжымалы зертхана таныстырылды

08.08.2025 12:13:23 7815

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековке табиғи газдың шығуын қашықтықтан анықтауға арналған DLS-AVTO (Pergam) озық жылжымалы зертханасы табыс етілді. Бұл инновациялық жабдық жерді ашпай немесе жерасты инженерлік желілеріне қол жеткізбестен қала инфрақұрылымының ұзартылған учаскелерін тексеруге мүмкіндік береді.

Жүйе 60 метрге дейінгі қашықтықта метанның шамалы ағып кетуін, оның ішінде жету қиын және жасырын жерлерді де анықтауға қабілетті жоғары сезімтал лазерлік детекторлармен жабдықталған. Мұндай технологиялар төтенше жағдайлар қаупін айтарлықтай төмендетеді және газ желілерінің жалпы сенімділігін арттыруға ықпал етеді.

Тұсаукесер барысында әкім қондырғының жұмыс принципімен және техникалық сипаттамаларымен жеке танысып, коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін бақылау жүйесіне заманауи шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Айта кетерлігі, Шымкент қаласының әкімдігі республикада алғашқылардың бірі болып газдың шығуын қашықтықтан анықтаудың инновациялық жүйесін алып, енгізіп отыр. DLS-AUTO жылжымалы зертханасын пайдалану мегаполистің инженерлік желілерінің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болмақ.