«АBAI. LIVE»
11.08.2025 10:40:53 167
9 тамыз күні сағат 11:00-де «Сол жағалау кешені» Мәдениет және демалыс саябағында ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және Абай күніне арналған «ABAI. LIVE» шығармашылық аймағы ашылды.
Заманауи креативті стильде безендірілген интерактивті алаң қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты әрі танымдық бағдарлама ұсынды.
Қатысушылар үшін ұйымдастырылды: «Кто ты по Абаю?» білім ойынында әр қатысушы ұлы ақынның ой-өрісіне еніп, Абайдың қандай философиялық қасиеті өз мінезіне жақын екендігін анықтай алды — ойшыл, арманшыл немесе тәлімгер, ою-өрнек жасау шеберлік сабағы, Абайдың қанатты сөздерімен безендірілген заманауи графикадағы фотоқабырға, «Голос Абая рядом» атты құлаққаппен тыңдалатын музыкалық аймақ, стратегиялық ойлау мен сергектікке баулитын дәстүрлі қазақ үстел ойындары — «асық» пен «тоғызқұмалақ».
«ABAI. LIVE» шығармашылық аймағы өткен күнмен бүгінді, сөз бен бейнені, білім мен ойынды біріктіретін рухани кеңістікке айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1048629?lang=kk