Еңбек құқықтары, әлеуметтік кепілдіктер және қол жетімді құқықтық көмек басты назарда. «Негізгі Заң – Тәуелсіздіктің тірегі» іс-шарасы сарапшылар мен тұрғындарды заңнамадағы негізгі өзгерістерді талқылау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын нығайту үшін жинады.

11.08.2025 18:12:49 1381

Қарағанды қаласының Кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Негізгі Заң – Тәуелсіздіктің тірегі» атты ұлттық іс-шара өтті. Іс-шараға Департамент атынан Еңбек қатынастары бөлімі бас мемлекеттік еңбек инспекторы Әсем Қасымова қатысты.

Кездесу аясында Қарағанды қаласының «Отбасыны қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі тақырыптарда семинар ұйымдастырды:

Әлеуметтік кепілдіктер саласындағы заңнамалық өзгерістер

Еңбек ету құқығына қатысты конституциялық кепілдіктер

Қатысушылар еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктер жөнінде өзекті ақпарат алып, білікті мамандардың кеңесіне жүгіну мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараның негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік қолдау тетіктеріне қолжетімділікті кеңейту болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1048948?lang=kk