Қызылордада ҚАЖ мекемесінде жаңа өндіріс орындары ашылды

Қызылордада ҚАЖ мекемесінде жаңа өндіріс орындары ашылды

14.08.2025 15:40:26 208

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандарды еңбекпен қамту және олардың қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда. Бүгінгі таңда облыс мекемелерінде жазасын өтеушілердің 70 пайызы еңбекке тартылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу мақсатында бірқатар жаңа өндіріс орындары ашылды.

Қызылорда облысы прокуратурасының және ҚАЖ департаментінің қолдауымен, Байқоңыр әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамы арқылы «Ален» жеке кәсіпкерлігіне Республикалық иновациялық бағдарламасы бойынша қайтарымды несие берілді. Бұл қаржыға брусчатка өндіретін заманауи құрылғы орнатылып, 15 сотталған тұрақты жұмыспен қамтылды.
Сонымен қоса «Смартблок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі– полистирол блок өндіретін және «BAI-M TREND GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – пескаблок шығару бойынша екі цех ашылып, 16 сотталғанды жұмыспен қамтыды.
Бүгінгі таңда №60 мекеменің өндірістік аймағында 15 жеке кәсіпкер сотталғандарды жұмыспен қамтып және босап шыққаннан кейін тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік беріп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1050973?lang=kk