Жеке тұлғалармен жергілікті салықтарды төлеуі туралы және көлік құралдарына салықты төлеу бойынша өзгерістер
14.08.2025 15:40:27 220
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен брифинг өтті.
Жеке тұлғалармен жергілікті салықтарды төлеу, соның ішінде көлік салығын төлеу және 2026 жылдан басталатын өзгерістер – брифингтің басты тақырыбына айналды.
БАҚ өкілдерін облыста жеке тұлғалармен жергілікті салықтарды төлеу және көлік салығын төлеу бойынша болатын өзгерістер туралы мәлімет қызықтырды, бұл туралы өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Увалиев айтып берді.
– Ағымдағы жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың 2024 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.Төлем мерзімі аяқталғанға дейін бір жарым айдай уақыт қалғанына қарамастан Павлодар облысының 30 000-нан астам тұрғыны 72 млн.теңгеге жуық сомаға мүлік салығын төлемеген. 2024 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың есептелген сомасы шамамен 342 млн. теңгені құрайды, оны 276 мыңнан астам салық төлеуші төлеуге тиіс.Қазіргі уақытта бюджетке шамамен 270 млн. теңге түсті. Мүлік салығының сомасын "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасының "ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі" деректемелері бойынша, сондай-ақ "Halyk Bank", "Kaspi Bank" банктерінің қосымшалары арқылы білуге және бір мезгілде төлеуге болады. Сонымен қатар, мүлік салығының сомасын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті порталының portal.kgd.gov.kz қызметтер бөлімі «ЖТ алдағы төлемдері және берешегі» бөлімшесінен, SalyqBot сілтемесі бойынша Telegram каналындағы Чат-бот және 1414 нөмірі бойынша бірыңғай Байланыс-орталығына хабарласу арқылы да білуге болады.
Жеке тұлғалардың 2025 жылға көлік құралдарына салықты төлеу 2026 жылғы 1 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі. Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасы Салық кодексінің 493-бабына сәйкес дербес есептеледі. Мұны ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің portal.kgd.gov.kz порталында орналастырылған " Калькуляторлар /Көлік салығы" электрондық сервисін немесе "E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасының (AppStore және PlayMarket-тен жүктеу) "Калькуляторлар" сервисін, сонымен бірге SalyqBot сілтемесі бойынша Telegramдағы Чат-ботта «Калькуляторлар» сервисін пайдалану және 1414 нөмірі бойынша бірыңғай Байланыс-орталығына хабарласу арқылы жасауға болады.
Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде мемлекет басшысымен 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекет ететін жаңа Салық кодексіне қол қойылды. Көлік құралдарына салықты төлеу бойынша өзгерістер жеңіл көліктерге қатысты, пайдалану мерзімі 10 жылдан асатын көліктердің салық сомасына 0,7 түзету коэффициенті, ал пайдалану мерзімі 20 жылдан асатын көліктердің салық сомасына 0,5 түзету коэффициенті қолданылады, яғни 2027 жылы салық сомасын сәйкесінше 30% және 50% азайтумен төлейтін боламыз, – деп атап өтті Арман Увалиев.
БАҚ өкілдерінің көптеген сұрақтарына жауаптар берілді.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1050972?lang=kk