«Самар-Вет» ШЖҚ КМК жаңа қызметтік автокөліктер алды
14.08.2025 16:31:42 137
«Самар Вет» ШЖҚ КМК ұжымы 9 жаңа қызметтік автокөліктің кілттерін алды. Салтанатты рәсімді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өткізді.
Осы күні өңірдің ветеринарлық қызметтеріне барлығы 100-ден астам жаңа автокөлік табысталды. Бұл мамандардың жылдамдығын арттырып, олардың жұмыс сапасы мен тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, өңірде ветеринарлық қызметтерге тұрақты түрде қолдау көрсетіледі. Биыл мамандардың жалақысы 15–20 пайызға өсті, ал күздің соңына дейін техникалық база толық жаңартылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1051043?lang=kk