Жемқорлыққа СТОП!
15.08.2025 09:50:51 257
«Сыбайлас жемкорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашада. № 410-V қабылданды.
Әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар (2014 жылғы 5 шiлдедегі Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексi бойынша) 676-бап - Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса - екi жүз айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
677-бап - Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктердi не керсетiлетiн қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттері (әрекетсiздiгi) ушiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтік Өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса - алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1051405?lang=kk