Мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуы тиіс.

Мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуы тиіс.

16.08.2025 14:22:29 322


Зорлық-зомбылыққа, әлімжеттікке, яғни буллингке, қатыгездік пен озбырлыққа мүлде жол берілмеуі керек.

Соңғы екі жылда өскелең ұрпақтың құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, кәмелет жасына толмағандарға қатысты жасалған кез келген зорлық-зомбылық үшін берілетін жаза қатайды, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті кеңейді.

Сондай-ақ тағы бір өзекті мәселе — балалардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының, яғни суицидтің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Еліміздегі барлық мектепте «111» психологиялық қолдау қызметінің QR-коды орнатылды.

Жаңа оқу жылынан бастап мектептер мен колледждерде әлімжеттікке, буллингке қарсы «Досбол | KE» атты бағдарлама іске қосылады. Негізгі мақсат — балалар мен жеткіншектер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бұл бағыттағы маңызды жұмыс тоқтамайды, жасөспірімдердің құқығы мен мүддесін қорғау мәселесі әрдайым мемлекет назарында болады.