Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшісімен кездесу

Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшісімен кездесу

18.08.2025 17:58:39 116

       2025 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов пен Қазақстан Республикасындағы Біріккен Корольдік Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэти Лич ханыммен кездесу өтті. Бұл күн ханым Лич үшін еліміздегі дипломатиялық миссиясының басшысы ретіндегі соңғы жұмыс күні болды.

      Кездесу барысында тараптар кедендік және салықтық саладағы екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтті және серіктестікті одан әрі дамыту үшін келешегі зор бағыттарды белгіледі.

     Комитет Төрағасының орынбасары сауда рәсімдерін жеңілдету, кедендік әкімшілендіру тиімділігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында бірлескен бастамаларды іске асыруда өзара түсіністікті нығайтуға белсенді жәрдемдескені үшін Елшіге алғыс білдірді.

     Өз кезегінде Кэти Лич ханым өз дипломатиялық миссиясы барысында Комитетпен сындарлы және жемісті ынтымақтастық үшін алғыс айтып, британдық тараптың барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екенін атап өтті.

     Кездесу соңында тараптар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жаңа жобалар мен бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1052822?lang=kk