Қазақстан мен Сауд Арабиясы ақпарат саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
19.08.2025 08:14:22 105
Ар-Рияд, 2025 жылғы 18 тамыз – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Елшілікте Корольдіктің БАҚ өкілдерін қабылдады.
Кездесуге «Сахм ньюс» электронды газетінің Бас редакторы Ахмед Өзайр мен «әл-Йаум ньюс» газетінің жетекшісі Мұхаммед әл-Жума қатысты.
Тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты қарым-қатынастар туралы ақпаратты БАҚ арқылы кеңінен жариялаудың маңыздылығын талқылады. Елші еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері, мәдени және гуманитарлық бастамалары, сондай-ақ туристік әлеуеті жөнінде ақпараттарды тарату өзекті екенін атап өтті. Сонымен қатар, қыркүйек айында Астанада өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі туралы ақпаратты Корольдікте жариялау мақсатында пресс-тур ұйымдастырылатынын жеткізді.
БАҚ өкілдері Қазақстан туралы сапалы әрі теңгерімді ақпарат таратуға өзара қызығушылық танытып, бірлескен бастамалар мен ақпараттық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1052995?lang=kk