Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдері туралы
19.08.2025 12:08:17 137
📌 Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдері туралы
2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң күшіне енді. Заң шеңберінде азаматтар келесі үш рәсімнің бірін қолдана алады:
1️⃣ Соттан тыс банкроттық
Қолданылады, егер:
– жалпы қарыз сомасы 1600 АЕК-тен аспаса (5,52 млн тг);
– соңғы 12 айда несие төлемдері жүргізілмесе;
– соңғы 7 жылда банкроттық рәсімі қолданылмаған болса.
Сондай-ақ келесі жағдайларда шарттарсыз өтініш беруге болады:
– қарыз 5 жылдан астам уақыт бойы төленбесе;
– азамат 6 айдан астам АӘК алса.
2️⃣ Сот банкроттығы
Қолданылады, егер қарыз 1600 АЕК-тен асса.
– Жылжымайтын мүліктер (залогта емес жалғыз тұрғын үйден басқа) сатылымға шығарылады.
– Азаматқа жаңа міндеттемелер алуға, мәміле жасауға және елден шығуға тыйым салынады.
– Құжаттар топтамасы талап етіледі.
3️⃣ Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру
Тұрақты табысы мен қарызынан артық мүлкі бар азаматтар үшін.
– Қарызды 5 жылға дейін қайта құрылымдауға мүмкіндік беріледі.
– "Банкрот" мәртебесі берілмейді, ешқандай шектеу қойылмайды.
⚠️ "Банкрот" мәртебесінің салдары:
– 5 жыл ішінде жаңа несие алуға тыйым;
– қайталап банкроттық рәсімін қолдану — 7 жылдан кейін;
– 3 жыл бойы қаржылық жағдайы бақылауда болады;
– Алименттер мен қылмыстық істер бойынша қарыздарға қолданылмайды.
📊 БҚО бойынша 2025 жылғы деректер:
• Соттан тыс банкроттық:
– Өтініштер саны: 3 800
– Қаралуда: 735, аяқталғаны: 951 (1,4 млрд тг)
• Сот банкроттығы:
– Өтініш берілгендер: 44 адам
– Рәсім қолданылған: 15 (1,5 млрд тг)
– Бұрын басталған және аяқталған рәсімдер: 29 (748,3 млн тг)
• Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру:
– Өтініштер саны: 8
– Қолданылған: 6, оның ішінде 3 іс бойынша жоспар бекітілген
– Жалпы сома: 8,5 млрд тг
📎 Өтініш беру жолдары: eGov.kz, eGov Mobile қосымшасы және ХҚКО арқылы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1053222?lang=kk