Қазақстан мен Словения арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық нығайып келеді

Қазақстан мен Словения арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық нығайып келеді

20.08.2025 08:08:05 171

Любляна, 2025 жылғы 6 тамыз – Қазақстанның Словениядағы Елшілігінде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, университеттің негізін қалаушы Ерболат Саурықов және Словения Alma Mater Europaea University Бас хатшысы доктор Барбара Топлак Перович кездесті.

Кездесу барысында сұхбаттасушылар екі университеттің білім сапасын арттыру және ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Академиялық ұтқырлыққа, ғылыми зерттеулер мен білім берудегі инновацияларға ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді серіктестіктің құқықтық негізін қалап, еуропалық білім кеңістігіне интеграциялану жолындағы маңызды қадамға айналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл кездесу жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығын көрсетті және Қазақстан мен Словения арасындағы академиялық байланысты нығайта түсетін бірлескен жобаларды жүзеге асырудың бастау нүктесі болды.

Alma Mater Europaea University (AMEU) – Еуропалық ғылым және өнер академиясы негізін қалаған және бизнес, технология, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында болашақ көшбасшыларды дайындауға бағытталған халықаралық жеке университет. Ол практикалық оқуға және жұмысқа орналасудың жоғары көрсеткіштеріне баса назар аудара отырып, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын ұсынады. Негізгі кампус Мариборда, Словенияда орналасқан, филиалдары Словения мен Австрияның басқа қалаларында орналасқан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1053665?lang=kk