Өскемен қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Өскемен қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

20.08.2025 10:55:51 144

Отырыс барысында Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары туралы ақпарат тыңдалды. Анықталған тәуекелдер талқыланды және оларды азайту бойынша ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, депутаттар инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебін тыңдап, онда есепті кезеңдегі жұмыстың қорытындылары шығарылып, болашаққа арналған басым бағыттар белгіленді.

Бұдан басқа, комиссия мүшелері Ново-Явленка ауылының шекараларын белгілеу туралы бірлескен Өскемен қаласы әкімдігінің қаулысының және Өскемен қалалық мәслихатының шешімінің жобасын, сондай-ақ Өскемен қаласының шет аймақтарының жай-күйі мен даму перспективаларын қарады.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша түпкілікті шешімдер кезекті сессияда қабылданатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1053796?lang=kk