Қазақстан АСЕАН фильм фестивалінде «Томирис» тарихи фильмінің көрсетілімімен дебют жасады
20.08.2025 14:23:19 175
Гонконг, 2025 жылғы 16 тамыз – Қазақстан Республикасының ҚХР Гонконг және Макао АӘА-дағы Бас консулдығының қолдауымен Қазақстан жыл сайынғы АСЕАН кинофестиваліне алғаш рет қатысып, «Томирис» тарихи фильмінің көрсетілімін өткізді. Бұл шараға консулдық корпус өкілдері, қазақ диаспорасы мен Гонконгтың кино әуесқойлары қатысты. Бұл көрсетілім Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы мәдени байланыстарды нығайтты.
Қазақстан Бас консулы Бауыржан Досманбетов алғы сөздерінде осы дебюттің маңыздылығын атап, «Томирис»-тің көрсетілімін Қазақстан кино өнеріндегі тарихи оқиғаларының бірі ретінде бағалады. Ол фильмнің құндылығы тек оның көркемдік шебершілігінде ғана емес, Қазақ халқының рухын, тарихын және Ұлы Даланың мәдени мұрасының бейнелеуінде де екенін белгіледі. Сондай-ақ Бас консул Қазақстанның АСЕАН кинофестивалінде қатысуы кино өнер арқылы Қазақстан мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы мәдени дипломатияны дамытуға септігін тигізетіндігін айтты.
Режиссер Ақан Сатаевтың фильмі Орталық Азия тарихының аңызға айналған тұлғасы, Томирис ханшайымның өмірінен баяндайтын көркем көріністерге бай тарихи драма. Фильм оның массагет (сақ) тайпасының көшбасшысы ретіндегі өмірін суреттеп, Парсы патшасы Ұлы Кирге қарсы шайқасымен аяқталады.
«Томирис» көрсетілімі фестиваль қонақтары арасында көп қызығушылық тудырды. Оның тереңдігінен зор әсер алған көрермендер Қазақстанның кинематографиялық шеберлігін және Ұлы Дала мұрасын жоғары бағалап, АСЕАН фестиваліндегі қазақ киносының дебюті жарқын болғанын белгіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1053921?lang=kk