Президенттің 2024 Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүзеге асырылуда
21.08.2025 12:43:06 266
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи энергетикалық жүйе еліміздің тұрақты экономикалық өсімі мен әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартудың берік іргетасына айналады.
Мұнай-химия өнеркәсібінің дамуы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мұнай-химия саласын одан әрі дамыту міндеттерінің өзектілігіне назар аударды. Мемлекет басшысының шикізат экспортынан жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге көшу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында мұнай-химия саласын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Алты ірі жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 15 миллиард АҚШ долларын құрайды.
Күтілетін нәтижелер: 3500 тұрақты және 16000 уақытша жұмыс орындарын құру; өнеркәсіптік өсу және экономиканы декарбонизациялау үшін стратегиялық кластерді қалыптастыру; жоғары технологиялық өнімдердің (бутадиен, мочевина, терефтал қышқылы, полиэтилен, полипропилен және т.б.) ассортиментін кеңейту.
Негізгі жобалар: қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропилен зауыты іске қосылды; қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна полиэтилен зауыты – учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, іске қосу 2029 жылға жоспарланған. Сондай-ақ бутадиен, мочевина, терефтал қышқылы және ауыл шаруашылығында, автомобиль және жеңіл өнеркәсіпте сұранысқа ие басқа да өнімдерді өндіру бойынша перспективалы жобалар әзірленді.
Кластердің орталығы «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» АЭА (ауданы – 3600 гектардан астам) болады, бұл қатысушыларға өнеркәсіп алаңдарына, коммуналдық қызметтерге және салықтық преференцияларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда АЭА-да 18 қатысушы компания тіркелді.
Газ өнеркәсібі: геологиялық барлаудан терең өңдеуге дейін
Газ саласында қазіргі даму кезеңіндегі стратегиялық міндет тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейту болып табылады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, қуаттарды кеңейтіп, газ тасымалдау бағыттарын әртараптандыру қажет. Үкіметтің басты міндеттерінің бірі халықты және экономиканы газбен қамтамасыз ету болып қала береді. Өткен жылы бірқатар газ кен орындарын игеру басталды, сонымен қатар жалпы өндіру көлемі жылына бір миллиард текше метр болатын жаңа газ кен орындарын игеру жоспарлануда.
Бұл ретте Елбасы Үкіметке аталған жобалар толық іске қосылғанша ішкі нарыққа газ жеткізуді ұтымды бөлуді, жылу электр стансалары мен тұрмыстық тұтынушыларды көмірден газға көшіру мәселесіне теңгерімді қарауды тапсырды. Үкіметке Жаңаөзен, Қашаған және Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыттарының құрылысын жеделдету тапсырылды. Тиісті тарифтер мен көтерме бағаларды қамтамасыз етуді қоса алғанда, инвестицияның қайтарылуын қамтамасыз етуге бағытталған тиімді ынталандыруды мүмкіндігінше тезірек енгізу.
Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында атқарылып жатқан Үкімет жұмысы биыл бекітілген «Газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарымен» үндестіруде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ірі газ өңдеу зауыттарының құрылысы қарқынды жүргізілді:
Қашаған кен орнында 2026 жылы аяқталатын қуаттылығы жылына 1 млрд м³ газ өңдеу зауытының жобасы жүзеге асырылуда, сонымен қатар қуаттылығы жылына 2,5 млрд м³ болатын газ өңдеу зауытының жобасы әзірленуде.
Қарашығанақ кен орнында 2028 жылы іске қосылатын қуаттылығы 4 млрд м³/жыл газ өңдеу зауытын салу жоспарлануда (тауарлы газ өндіру – 3,3 млрд м³/жыл).
Жаңаөзен қаласында қуаттылығы жылына 900 млн м³ болатын жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталды.
Газ ресурстық базасын ұлғайту бойынша Жол картасы аясында Рожковское, Өріктау Шығыс және Анабай кен орындары өнеркәсіптік пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 2025 жылдың мамыр айында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды, бұл оңтүстік өңірлердің энергетикалық қауіпсіздігін және еліміздің транзиттік әлеуетін айтарлықтай нығайтады.
Халықты газбен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, бүгінгі таңда Қазақстанды газдандыру деңгейі 62,4 пайызды құрап, 20,2 миллион адамның 12,6 миллионы газбен қамтылған. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 2,4 пайызға жоғары. 2024 жылы 4000 шақырымнан астам газ құбыры тартылып, 93 жоба жүзеге асырылды. 2025 жылы 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз ететін тағы 77 жобаны аяқтау жоспарлануда.